Иран: "Жауапсыз қалмайтын үлкен қателік"
Иран президенті Иордания Сыртқы істер министрі Айман әл-Сафедиді қабылдады.
Иран президенті Месуд Пезешкиан Израильдің өткен аптада Хамас қозғалысының басшысы Исмаил Ханияның өз елінде өлтірілуін «жауапсыз қалмайтын үлкен қателік» деп атады.
Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша президент Пезешкиан бас қала Тегеранға барған Иорданияның Сыртқы істер министрі Айман әл-Сафедиді қабылдады.
Қабылдауда Пезешкиан Иранға ресми сапармен келген Хамас саяси бюросының басшысы Ханияның өлтірілуін халықаралық құқықты бұзу екенін атап, бұл қастандықты «Израиль режимінің жауапсыз қалмайтын үлкен қателігі» деп атады.
Пезешкиан «Сионистердің бұл опасыздығы жауапсыз қалмайды» деді.
Иранның сыртқы саясатының аймақ пен әлемдегі тұрақтылықты бірінші орынға қойғанын атап көрсеткен Пезешкиан Израильдің палестиналықтарды нысанаға алған шабуылдарын тоқтату үшін ислам елдерінің бірлесіп әрекет етуінің маңыздылығына назар аударды.
Аймақта қызуы көтерілген шиеленісті талқылау үшін Иранға барғанын атап көрсеткен Сафади Тегеран мен Амман арасындағы келіспеушіліктерді шешу үшін Иордания королі II Абдуллахтың тарапынан ашық және анық келіссөз орнату міндетін мойнына алғанын тілге тиек етті.
Иордания королі Абдуллахтың сәлемі мен сәттілік тілегін Пезешкианға жеткізген Сафади «Иордания сионистік режимнің Газа секторындағы аяусыз басқыншылығын әуел бастан айыптады» деді.
Израильдің Ханияны өлтіруін де айыптағандарын айтқан Сафади Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың қастандықпен аймақтағы қақтығыстардың ауқымын кеңейтуді қалағанына назар аударды.
Иордания министрі бұл сапарды Израильден Иранға немесе Ираннан Израильге хабар жеткізу үшін жасады деген ақпаратты жоққа шығарды.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль соғысты жалғастырудың жаңа жоспарларын мақұлдады
Бұл туралы Израиль армиясы баспасөз хатшысының мәлімдемесінде айтылды.