Австралияда легионелла індеті басталды
Мельбурн денсаулық сақтау қызметкерлері қалада легионер індеті басталғанын хабарлады.
2171238
Австралияда легионелла бактериялары тудыратын өкпе ауруы болып табылатын легионелла эпидемиясы салдарынан екі адам қайтыс болды.
«ABC News» телеарнасының хабарлауынша Мельбурн денсаулық сақтау қызметі қалада легионер індеті басталғанын хабарлады.
Легионелла бактериясы анықталған 77 науқастың 75-інің емделгенін мәлімдеген лауазымдылар 2 адамның қайтыс болғанын хабарлады.
2000 жылдан бері тіркелген науқас санының ең жоғары деңгейге өскені айтылды.