Украина: "Ресейдің «Ростов На Дону» сүңгуір қайығы суға батып кетті"
Украина Бас штаб басқармасы мәлімдеме жасады.
2171075
Украина Бас штаб басқармасы Ресейдің Қаратеңіз флотына тиесілі «Ростов На Дону» атты сүңгуір қайықты атқандарын жариялады.
Украина Бас штаб басқармасының әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Ресей заңсыз аннексиялаған Қырымда Ресей теңіз күштері мен әуе қорғаныс жүйелеріне шабуыл жасалғаны айтылды.
Мәлімдемеде Украина зымыран және теңіз күштері бөлімшелерінің бірлескен шабуылы нәтижесінде Ресей армиясына тиесілі S-400 «Triumph» зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің 4 ұшыру қондырғысының айтарлықтай зақымдалғаны атап көрсетілді.
Шабуыл кезінде Севастополь портында орналасқан Ресей Қаратеңіз флотының «Ростов На Дону» атты сүңгуір қайығының нысанаға алынғаны білдіріліп, сүңгуір қайықтың суға батқаны алға тартылды.