Ирандағы құмды дауыл салдарынан 1362 адам зардап шекті
«Tesnim» ақпарат агенттігі Систан-Белуджистан уәлаятында құм дауылы болғанын хабарлады.
Иранның Систан-Белуджистан уәлаятында соңғы 5 күнде құмды дауылдан зардап шеккен 1362 адам ауруханаға жатқызылды.
«Tesnim» ақпарат агенттігінің хабарлауынша Систан-Белуджистан уәлаятындағы құмды дауыл уәлаяттың әсіресе солтүстік аймақтарына қатты әсер еткен.
Забул, Захек, Хамун, Хирмен, Нимруз, Захидан, Миркаве, Нусрат-Абад, Хаш, Сараван, Ираншахр және Мехристан қалаларында болған құмды дауыл бір миллионға жуық адамның өміріне кері әсер етті, соңғы 5 күнде 1362 адам ауруханаларда емделді.
Систан-Белуджистанда «120 күндік дауыл» деп аталатын желдің күші күшейген күндері тыныс алу жолдары ауруларына шалдыққан мыңдаған адам ауруханаларға жүгінді.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль Газаға әуе шабуылы жасады
Палестинаның ресми агенттігі «WAFA» шабуылда 2 палестиналықтың қаза тапқанын білдірді.