Израильдің шабуылында 5 палестиналық қаза тапты
Израиль әскерлері бір көлікке жасаған әуе шабуылында 5 палестиналық қаза тапты.
Израиль әскерлері басып алған Батыс Шерияның Тулкарим қаласында бір көлікке жасаған әуе шабуылында 5 палестиналық қаза тапты.
Палестинаның «WAFA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль армиясы Түлкерімнің солтүстігіндегі Аттил және Зейта елді мекендерін байланыстыратын жолда бір көлікке ұшқышсыз әуе аппаратпен әуеден шабуыл жасады.
Екі зымыран көлікке тиді. Көлік ішіндегілер өртеніп кеткен.
Түлкерімдегі Сәбит мемлекеттік ауруханасындағы дереккөздер шабуылдан кейін ауруханаға күйіп кеткен 5 мәйіттің жеткізілгенін және олардың бірінің Түлкерім босқындар лагерінен 25 жастағы Хейсем Нуреддин Билей екенін хабарлады.
Енді бір жағынан Израиль күштері Шығыс Иерусалимнің Иссауия ауданына жүргізген шабуыл кезінде палестиналықтар мен олардың үйлеріне тірі оқ, көзден жас ағызатын газ және дыбыс шығаратын гранаталармен атқылады. Қақтығыстарда 3 палестиналық жарақат алды.
Бетлехемнің батысындағы Хусан ауылында әскери көліктермен жасалған шабуылда 16 жастағы жасөспірім, Наблустағы шабуылда 4 палестиналық ұсталды.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль Газаға әуе шабуылы жасады
Палестинаның ресми агенттігі «WAFA» шабуылда 2 палестиналықтың қаза тапқанын білдірді.