Тель-Авивке рейстерін тоқтатты

«Lufthansa» 8 тамызға дейін Тель-Авивке ұшпайды.

2170604
Тель-Авивке  рейстерін тоқтатты

Неміс әуе компаниясы «Lufthansa» қауіпсіздік мақсатында Ливан астанасы Бейруттен кейін Израильдің астанасы Тель-Авивке де рейстерін тоқтатты.

Бельгияның ресми ақпарат агенттігі «Белганың» хабарлауынша, құрамында Брюссель әуе жолдары бар «Lufthansa» 8 тамызға дейін Тель-Авивке ұшпайды.

«Lufthansa» сонымен қатар Бейрутқа ұшпау туралы бұрынғы шешімінің ауқымын 12 тамызға дейін ұзартты.

Шешімге аймақтағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауы себеп ретінде көрсетіліп, рейстердің қайта басталуына байланысты «жердегі жағдай қадағаланатыны» айтылды.

Рейстері тоқтатылған жолаушылар қайта брондау немесе ақшаны қайтаруды сұрай алады.

Бұған дейін Австрия және Швеция әуе компаниялары Бейрутқа рейстерді тоқтатқанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар