Пәкістанда тайпалар арасында шыққан қақтығыста 43 адам қаза тапты
«Dawn» газеті Бошехра мен Маликел тайпалары арасында шыққан қақтығыстың жалғасқанын хабарлады.
Пәкістанның солтүстік батысындағы Хайбер-Пахтунхва уәлаятында жерге таласқан екі тайпа арасындағы қарулы қақтығыстарда қаза тапқандар саны 43-ке, жараланғандар саны 180-ге жетті.
«Dawn» газетінің хабарлауынша лауазымдылар 6 күн бұрын Хайбер-Пахтунхва уәлаятының Ауғанстанмен шекарадағы Куррам аймағында Бошехра мен Маликел тайпалары арасында жер шайқасы себепті басталған қақтығыстың жалғасқанын білдірді.
Лауазымдылар әртүрлі тайпа ақсақалдарының араласуымен тараптар арасында атысты тоқтатуға қол жеткізілгенін жариялағанымен, қақтығыстардың Куррамның әртүрлі аймағында жалғасқанын мәлімдеді.
Түні бойы жалғасқан миномет шабуылдары нәтижесінде тағы 8 адамның қаза тауып, 14 адамның жараланғаны білдірілді.
Соңғы 6 күннен бері жалғасып жатқан қақтығыстарда қаза тапқандар санының 43-ке, жараланғандар санының 180-ге жеткенін хабарлаған лауазымдылар қаза болғандар санының артуына алаңдағандарын білдірді.
Өңірдегі шиеленістің күшеюіне байланысты барлық мектептерде оқу тоқталып, тас жол көлік қозғалысына жабылды.
Ұқсас жаңалықтар
Израильдің бір баланы өлтіргені камераға түсіп қалды
Израиль әскерлері лагерьге шабуыл жасап, төңірекке оқ жаудырды.