10 мың оқушы мен 400 мұғалім қаза тапты
Газа секторында 10 мың оқушы мен 400 мұғалімнің қаза тапқаны хабарланды.
Израильдің шабуылдары 10 айдан бері жалғасып, гуманитарлық апат күннен-күнге тереңдей түскен Газа секторында 10 мың оқушы мен 400 мұғалімнің қаза тапқаны хабарланды.
Палестина Білім министрі Эмед Бархам лицейге қабылдау емтихандарының бірінші турының нәтижелеріне байланысты өткізген баспасөз мәслихатында Газадағы оқушылардың жағдайы туралы айтты.
Газада 39 мың оқушының Израильдің шабуылдары салдарынан лицейге түсу емтиханына қатыса алмағанын білдірген Бархам 7 қазаннан бері 10 мың оқушы мен 400-ге жуық мұғалімнің қаза тапқанын айтты.
Біріккен Ұлттар Ұйымы таратқан мәліметтерге қарағанда Израильдің Газаға 7 қазан күні басталған шабуылдары салдарынан 625 мың оқушы білім алу құқығынан айырылды.
Газа секторындағы оқу орындарының 88 пайызы зардап шекті.
Өңірде қаза болғандар 40 мыңға жетті, олардың көпшілігі - балалар мен әйелдер.