Израиль Хизбулланың бақылауындағы нысандарға шабуылдады
«KAN» телеарнасы Израиль әскери ұшақтарының Ливанға шабуылдағанын хабарлады.
Израиль Әуе күштеріне тиесілі әскери ұшақтар түнде Ливанның оңтүстігіндегі Хизбулла бақылауындағы нысандарға шабуыл жасады.
Израиль мемлекеттік телеарнасы «KAN»-ның хабарлауынша, Израиль әскери ұшақтары Ливанның оңтүстігіндегі Хизбулланың бекіністерін бомбалады.
Хабарда әуе шабуылы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілмеді, шабуыл туралы Израиль армиясынан әзірге ешқандай мәлімдеме жасалған жоқ.
Ливан тарапынан да шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасалмады.
27 шілде күні Израиль басып алған Голан төбелеріндегі дүрзилердің Междел Шамс қаласындағы футбол алаңына жасалған зымыран шабуылы нәтижесінде 12 адамның қаза табуымен Израиль армиясы мен «Хизбулла қозғалысы» арасындағы шиеленіс, одан да артты.
Израиль қауіпсіздік кабинеті премьер-министр Беньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Йоав Галлантқа Меджел Шамс шабуылы үшін Хизбуллаға қарсы кек алудың уақыты мен сипатын анықтауға тапсырмасы берілген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль пейджерлерді жарып жіберді
Ливанның ресми ақпарат агенттігі NNA тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.