Израильде міндетті әскери қызметке қарсы наразылық шеруі өтті

Израильде Харедимдер міндетті әскери қызметке қарсы қозғалыс үшін солтүстік тас жолды жауып тастады.

2163914
Израильде міндетті әскери қызметке қарсы наразылық шеруі өтті

Израильде православ еврейлер (Харедимдер) міндетті әскери қызметке қарсы қозғалыс үшін солтүстік тас жолды жауып тастады.

Израиль армиясының 21 шілде күнінен бастап Харедимдерге шақыру жіберілетінін жариялауының артынан әскерге баруға қарсы православ еврейлер өздері шоғырланған Биней Барақ маңындағы №4 тас жолдағы жағдайға наразылық білдірді.

Харедимдер полицияға «нацистер» деп айқайлап, қарбалас уақытта жол бойында жатып «Өлеміз, әскерге бармаймыз» деген ұрандар тастап көлік қозғалысын жауып тастады.

Израиль полициясы жолды жауып тұрған шерушілерге күш жұмсап, 9 адамды қамауға алғанын хабарлады.

«KAN» мемлекеттік телеарнасы Израиль полицияның демонстранттарға күш қолданып жерге жатқандарды жолдың шетіне сүйреген бейне көріністер баспасөзде жарияланды.

Бней Барак ауданындағы раввиндермен кездесуге барған генералдарға Харедим жастарының «қанішерлер» деп айқайлап, көліктеріне шиша лақтырған фотосуреттері де баспасөзде көрініс тапты.

Израиль армиясы ультра православиеліктердің 21 шілде күнінен кейін әскерге қабылдау процесінің басталатынын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар