Жозеп Боррель Израильдің шабуылын қатал түрде айыптады

Жозеп Боррель  «Біз халықаралық құқықтың кез келген бұзылуын айыптаймыз. Кінәлілер жауапқа тартылуы керек» деді.

2161408
Жозеп Боррель Израильдің шабуылын қатал түрде айыптады

Еуропа Одағы Израиль армиясының Газа секторындағы Хан Юнус қаласында қоныс аударған бейбіт тұрғындар паналаған мектепке жасаған шабуылын айыптады.

Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель өзінің «X» аккаунтындағы жазбасында Израиль армиясының Хан Юнус қаласында қоныс аударған палестиналықтардың паналаған мектепке жасаған шабуылында ондаған адамның қаза тапқанын атап өтті.

Шабуылға «Жазықсыз  тұрғындар бұл қақтығыстың ауыртпалығын қашанға дейін көтереді?» деп наразылық көрсеткен  Боррель  «Біз халықаралық құқықтың кез келген бұзылуын айыптаймыз. Кінәлілер жауапқа тартылуы керек» деді.

Израиль армиясының кеше Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнус қаласында қоныс аударған палестиналықтардың паналаған мектеп қақпасына жасаған шабуылында 29 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланған еді.

Барлық халықаралық ұйымның  ескертулеріне қарамастан Израиль Газа секторындағы азаматтық аймақтарды нысанаға алуды жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар