Израильдің бір мектепке жасаған шабуылында 29 адам қаза тапты

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі шабуыл туралы мәлімдеме жасады.

2161308
Израильдің бір мектепке жасаған шабуылында 29 адам қаза тапты

Израильдің Газа секторындағы Хан Юнус қаласында қоныс аударған палестиналықтар паналаған мектепке жасаған шабуылында 29 палестиналық қаза тапты.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Басқыншылар Хан Юнус қаласының шығысындағы Абесан қаласында қоныс аударғандар паналаған мектепті нысанаға алып, қорқынышты бір қырғын жасады» делінген.

Палестина үкіметінің баспасөз кеңсесі жасаған мәлімдемеде Абесан қаласындағы мектепке жасалған шабуылда көпшілігі бала мен әйелдер 29 адамның қаза тапқаны және ондаған адамның жараланғаны білдірілді.

Израильдің соңғы сағаттарда жасаған «6 қырғында 60 палестиналықтың шейіт болғаны» атап көрсетілген мәлімдемеде «Бұл қырғын басқыншы армияның Палестина халқына 10 айдан бері жасап келе жатқан геноцид қылмысының жалғасы. Бейбіт тұрғындарға қарсы осы қорқынышты қырғындарды жасаған израильдік оккупацияны қатаң түрде айыптаймыз, сонымен қатар геноцид қылмысында басқыншыларды қолдаған АҚШ әкімшілігін айыптаймыз» делінді.

Бейбіт тұрғындарға қарсы қырғындардың жалғасуына Израиль мен Америка әкімшілігінің жауапкер екені атап көрсетілген мәлімдемеде халықаралық қауымдастық, Біріккен Ұлттар Ұйымы, әртүрлі халықаралық ұйымдар мен еркін әлемнің барлық елдерінен Израиль мен АҚШ-қа «геноцид соғысы мен Газада ағып жатқан қанды тоқтату үшін» қысым көрсетуі талап етілді.

Мәлімдемеде Израильдің 2023 жылдың 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар санының 38 мың 243-ке, жараланғандар санының 88 мың 33-ке жеткені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар