Иранда 400-ге жуық адамның уланғаны хабарланды

Иранның «Итимад» газеті тақырыпқа қатысты хабар жариялады.

2160668
Иранда 400-ге жуық адамның уланғаны хабарланды

Иранның Гилан уәлаятында 10 күн ішінде белгісіз себептермен 400-ге жуық адамның уланғаны хабарланды.

Иранның «Итимад» газетінің хабарына қарағанда Гилан уәлаятының Ризваншехир ауданындағы ауруханаларға 28 маусымнан бері көптеген адам жүрек айну, бас ауруы және жүрек соғысы сияқты шағымдармен жүгінген.

Жергілікті ақпарат көздері улану оқиғалары ағынды судың ауыз суға араласуынан болып жатқанын айтады.

Гилан Денсаулық ғылымдары университетінің ректоры Мұхаммед Таки Ашуби уланудың себебі судың ластануы болуы мүмкін екенін, бірақ тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

Газет атын жария етпеген бір дереккөзге сілтеген хабарында улану оқиғасының алғашқы күнінен бері 400 адамның улануы күдігімен ауруханаларға жүгінді. Бұл кезеңде ауыз суы тексерілді, бірақ нәтижесі әлі жарияланған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар