Якутияда "төтенше жағдай" жарияланды

331 мың гектар аумақта 107 өртпен күрес жүріп жатыр.

2157921
Якутияда "төтенше жағдай" жарияланды

Ресей Федерациясының Якутия аймағында орман өртіне байланысты «төтенше жағдай» жарияланды.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде Якутияда 331 мың гектар аумақта 107 өртпен күрес жүріп жатқаны айтылды.

Мәлімдемеге қарағанда, жалпы саны 1500 адам және 100 көлік  өртпен күресуде. Аймақта «төтенше жағдай» жарияланды.

Дүние жүзіндегі орман алқаптарының шамамен 20 пайызын алып жатқан Ресейде жыл сайын өрт болып тұрады.



Ұқсас жаңалықтар