НАТО Украинаға жыл сайын 40 миллиард еуро әскери қолдау беретін болды

Йенс Столтенберг НАТО Қорғаныс министрлері жиналысының бірінші күндік отырысының соңында баспасөзге мәлімдеме жасады.

2152797
НАТО Украинаға жыл сайын 40 миллиард еуро әскери қолдау беретін болды

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг одақтас елдерге Украинаға қажет болғанша жыл сайын кемінде 40 миллиард еуро әскери қолдау көрсетуді қамтитын қаржылық міндеттемені ұсынғанын мәлімдеді.

Йенс Столтенберг Бельгияның астанасы Брюссельде өткен НАТО Қорғаныс министрлері жиналысының бірінші күндік отырысының соңында баспасөзге мәлімдеме жасады.

Негізгі күн тәртібінің Украинаға қолдау көрсету екенін айтқан Столтенберг бұл елге әскери қолдаудың барлығы дерлік НАТО одақтастары тарапынан берілгенін және жаңа жоспардың бұл қолдауды берік негізге қойып, болжамды қамтамасыз ететінін баса айтты.

Одақтастардың Украинаға жылдық әскери қолдауының 40 миллиард еуро шамасында екенін айтқан Столтенберг бұл соманы ең төменгі өлшем ретінде белгілеп, Украинаға қажет болғанша қамтамасыз етуді ұсынғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар