Конгода қайықтың суға кетуі салдарынан 86 адам із-түзсіз жоғалды

Мемлекеттік ақпарат құралдары қайық апатында 100-ге жуық адамның құтқарылғанын хабарлады.

2152078
Конгода қайықтың суға кетуі салдарынан 86 адам із-түзсіз жоғалды

Конго Демократиялық Республикасының (КДР) Май-Ндомбе уәлаятында бір қайықтың суға кетуі салдарынан 86 адам із-түссіз жоғалды.

Мемлекеттік ақпарат құралдарына қарағанда Ква өзенінің бойындағы Мушийе ауданынан Лебида ауданына бет алған қайық моторының істен шығуы салдарынан жағалауға соғылып, суға батып кеткен.

100-ге жуық адам құтқарылған қайық апатында жоғалып кеткен 86 адамды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар