Израиль әскерлері "жедел жәрдем" сұраған бейбіт адамды атып өлтірді

Израиль әскерлері Дженин қаласына қарасты «Кефр Дан» ауылына шабуыл жасады.

2152033
Израиль әскерлері "жедел жәрдем" сұраған бейбіт адамды атып өлтірді

Израиль әскерлерінің басқыншылығы астындағы Батыс Шерияда жерде жатқан және «жедел жәрдем» шақырып, көмекке сұраған бір палестиналықты өлтірді.

Жергілікті ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда Израиль әскерлері Батыс Шерияның солтүстігіндегі Джениннің «Кефр Дан» ауылына шабуыл жасады.

Рейд кезінде палестиналықтар мен израильдік әскерилер арасында қақтығыс шықты.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жасаған мәлімдемеде Израиль күштерінің «Кефр Данға» жасаған шабуылында 3 палестиналықтың қаза тапқаны білдірілді.

Екінші жағынан Израиль әскерлерінің рейд кезінде жаралы палестиналықты өлтірген сәттері әлеуметтік медиада көрініс тапты.

Бейне көріністе жерде жаралы жатқан палестиналық жас жігіттің жан-айқайымен «жедел жәрдем» шақырып, көмекке сұрағаны естіледі.

Осы сәттерде Израиль әскерлерінің жерде жатқан жаралы палестиналықты атқылауды жалғастырғанын көрсеткен дыбыстар көтеріледі.

Палестиналық жас жігіттің біраз уақыттан кейін қимылсыз қалғаны, жанында немесе айналасында кез-келген қарудың болмағаны байқалады.

Өлтірілген палестиналық жастың Ахмад Самуди екені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар