Израильдің қатыгездігі жалғасуда

Израиль армиясының Рафах пен Газа қаласына жасаған шабуылында 8 палестиналық қаза тапты.

2151900
Израильдің қатыгездігі жалғасуда

Израиль армиясының Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах пен Газа қаласына жасаған шабуылында 8 палестиналық қаза тапты.

Палестинаның «WAFA» ресми агенттігі хабарына қарағанда, денсаулық сақтау қызметкерлері Израильдің Рафах қаласының солтүстігіндегі Ан-Наср ауданындағы бір үйді нысанаға алғанын мәлімдеді.

Билік шабуылда бір баланың қаза тауып, бірнеше адамның жараланғанын хабарлады.

Хабарда Израиль соғыс ұшақтарының Газа қаласының шығысындағы Шухаййе ауданындағы бір үйге жасаған әуе шабуылында 7 палестиналықтың қаза тапқаны және көптеген палестиналықтардың жараланғаны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар