Шойгу: Түркия-Ресей байланыстарын арттыруға дайынмын

Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2151472
Шойгу: Түркия-Ресей байланыстарын арттыруға дайынмын

Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Түркия мен Ресей арасындағы қауіпсіздік кеңесі деңгейінде байланыстарды арттыруға дайын екенін айтты.

Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының баспасөз қызметінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Шойгу кеше Мәскеуде Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен бас қосты.

Кездесуде Шойгу «Қауіпсіздік кеңесі деңгейінде Ресей-Түркия байланыстарын арттыруға дайынмын. Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Ибрахим Калынға, Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлдерге және Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сейфуллах Хаджымүфтүоғлуға ыстық сәлемімді жолдаймын. олар Ресейге лайықты уақытта келеді деп күтемін. Мен осы жылы Мәскеуде немесе Анкарада қауіпсіздік мәселелері бойынша толық ауқымды өзара кеңестер өткізуді ұсынамын» деді.

Хатшылық жасаған мәлімдемеде Шойгу-Фидан кездесуінде Ресей-Түркия қауіпсіздік ынтымақтастығы екіжақты және көпжақты форматта талқыланғаны және «Халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке қоса, стратегиялық тең құқылы екіжақты серіктестікті дамытуға ниет білдірілді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар