Израильдің Газа мен Батыс Шерияға шабуылы жалғасуда

Израиль күштерінің Рамалла қаласында бір ауылға жасаған шабуылында 4 палестиналық қаза тауып, 8-і жараланды.

2151509
Израильдің Газа мен Батыс Шерияға шабуылы жалғасуда

Израильдің Газаның орталық бөлігіндегі Нусайрат босқындар лагерінің батысында және Әл-Завейда аймағындағы екі үйге жасаған әуе шабуылы нәтижесінде қаза тапқандар мен жараланғандар болды.

Палестинаның «WAFA» ресми агенттігінің хабарына қарағанда, куәгерлер Израиль соғыс ұшақтарының Нусайрат босқындар лагерінің батысындағы бір үйге әуеден шабуыл жасағанын білдірді.

Куәгерлердің айтуынша, шабуыл салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Газа секторының орталық бөлігіндегі Дейр әл-Балах қаласындағы Ақса шейіттері ауруханасының денсаулық сақтау басшысы Израиль соғыс ұшағының үйді бомбалауы кесірінен қаза тапқан екеуі бала 3 адамның мәйіттерінің болғанын мәлімдеді.

Израиль күштерінің басып алынған Батыс Шериядағы Рамалла қаласында бір ауылға жасаған шабуылында 4 палестиналық қаза тауып, 8-і жараланды.



Ұқсас жаңалықтар