Газада қаза тапқандар саны 37 мың 164-ке жетті

Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады.

2151598
Газада қаза тапқандар саны 37 мың 164-ке жетті

Израиль армиясының 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны соңғы 24 сағатта 40-қа артып, 37 мың 164-ке жетті.

Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жасаған мәлімдемеде Израильдің 249 күн бойы Газа секторына жасаған шабуылдары туралы ақпарат жариялады.

Израиль армиясының соңғы 24 сағатта Газа секторының әртүрлі аймақтарында 3 «қырғын» жасағаны, бұл шабуылдарда тағы 40 палестиналықтың қаза тауып, 120 палестиналықтың жараланғаны білдірілді.

Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар санының 37 мың 164-ке, жараланғандар санының 84 мың 832-ге жеткені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар