Мальдив аралдары Израиль азаматтарының елге кіруіне тыйым салды

Мальдив аралдары үкіметі Израиль азаматтарының елге кіруіне тыйым салуға шешім қабылдады.

2147628
Мальдив аралдары Израиль азаматтарының елге кіруіне тыйым салды

Израильдің Газа секторында айлар бойы жалғасып келе жатқан қырғынына наразылықтар артуда.

Мальдив аралдарында үкімет Израиль төлқұжаты бар адамдардың елге кіруіне тыйым салу үшін заңды өзгерту туралы шешім қабылдады.

Мальдив аралдары президенттік аппараты жасаған мәлімдемеге қарағанда Министрлер кабинеті Израиль төлқұжаты иелерінің елге кіруіне жол бермеу үшін заңды өзгерту туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ заңдағы өзгерістерді бақылайтын және қадағалайтын шағын комиссия құру жоспарлануда.

Мальдив аралдары президенті Мұхаммед Муиззу Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Таяу Шығыс Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс агенттігімен (UNRWA) қайырымдылық науқанын бастауға және осы мәселе бойынша арнайы өкіл тағайындауға шешім қабылдады.

Муиззу сондай-ақ Палестинаға қолдау мақсатты ел көлемінде «Мальдив аралдары Палестинамен ынтымақтасуда» деген ұранмен ұлттық шеру ұйымдастыруға дайындалуда.

Израильдің Газа секторына 7 қазан күнінен бері жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтар саны 37 мыңға жетті.



Ұқсас жаңалықтар