АҚШ Нигердегі әскерлерін шығарады

АҚШ-тың Нигердегі әскери пилотсыз әуе көлігі базасы жабылады.

2130645
АҚШ Нигердегі әскерлерін шығарады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) әскери төңкерістен кейін билікке келген әкімшіліктің талабы бойынша Батыс Африкадағы Нигер елінен әскерлерін шығаруға келісті.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша әскерлерді шығару туралы шешім АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Курт Кэмпбелл мен Нигер премьер-министрі Али Махаман Ламин Зейненің Вашингтондағы кездесуінен кейін қабылданған.

Хабарда АҚШ-тың Сахара шөліндегі Агадес маңында орналасқан пилотсыз әуе көлігі базасын жабуға келіскені атап көрсетілді.

АҚШ делегациясының 1000-ға жуық сарбазды тәртіппен шығаруды қамтамасыз ету үшін бірнеше күнге дейін Нигердің бас қаласы Ниамейге баруы күтіледі.

Нигерде президент Мұхаммед Базум 2023 жылы 26 шілде күні президенттік гвардия полкі күші тарапынан ұсталды және сол күні кешке әскерилер билікті басып алғанын жариялады.

Президенттік гвардия полкінің қолбасшысы генерал Абдуррахмане Тчиани Отанды қорғау ұлттық кеңесі атты өтпелі үкіметтің басшысы болғанын жариялады. Кеңес Ламин Зейнені премьер-министр етіп тағайындады және сарбаздар мен бейбіт тұрғындардан тұратын 21 адаммен министрлер кабинетін құрады.

Нигер де өткен айда АҚШ-пен 12 жылдық әскери ынтымақтастық келісімін тоқтатты. Соңғы апталарда Нигерге ондаған ресейлік әскери жаттықтырушы мен жетілдірілген әуе қорғаныс жүйесінің жеткізілгені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар