Үндістан баллистік зымыран ұшырды

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди жаңалықты әлеуметтік желіден хабарлады.

2114090
Үндістан баллистік зымыран ұшырды

Үндістан бірнеше оқтұмсықты тасымалдай алатын отандық зымыранының алғаш сынағын өткізді.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде сынақтың сәтті өткенін мәлімдеп, қорғаныс өнеркәсібіндегі жаңалықтарға тоқталды.

Моди зымыранның бір-бірінен тәуелсіз нысаналарды жоя алатын бірнеше оқтұмсықпен жабдықталғанын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар