Иранның BRICS мүшелігі ресми түрде басталды
Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Насыр Кенани тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.
2083040
Иранның BRICS-ке (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка) мүшелігінің кеше ресми түрде басталғаны хабарланды.
Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Насыр Кенани бас қала Тегеранда өткізген баспасөз мәслихатында елінің бұрын қол қойылған келісім аясында BRICS-ке мүшелікке қабылданғанын және 2024 жылдың 1 қаңтар күнінен бастап оның ресми мүшелігінің басталғанын білдірді.
Кенани BRICS-тің жаңа мүшелердің қатысуымен халықаралық теңгерімде жаңа тұғырға көтерілетінін алға тартып, елінің көпжақтылыққа мән берегенін және осы шеңберде мүмкіндіктерді бағалағанын тілге тиек етті.