Ресей "дос емес елдермен" салық келісім жойды
Ресей үкіметі 7 наурыз күні ел үшін дайындалған «дос емес елдер» тізімін бекітті.

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ және Ұлыбританияны қоса алғанда, «дос емес елдермен» салық келісімдерін ішінара жою туралы заңға қол қойды.
Ресейдің мемлекеттік құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған заңға сәйкес «дос емес елдермен» табыс пен активтерге қосарланған қос салық салуды қамтитын келісімдердің кейбір ережелері жойылды.
Путин бұрын «дос емес елдермен» деп аталған батыстық мемлекеттерімен жасалған салық келісіміндегі кейбір ережелердің жойылуы туралы шешімге қол қойған болатын.
Ресей үкіметі 7 наурыз күні елге бағыттап «дос емес елдер» тізімін бекітті.
Бекітілген тізімде АҚШ, Еуроодақ елдері, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония, Украина, Швейцария және Сингапур сияқты елдерге қоса Ресейге қарсы санкция шешімі қабылдаған тағы 15 ел орын алады.
Ұқсас жаңалықтар

“Кез келген этникалық тазартуды болдырмау шарт”
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш атысты тоқтату және халықаралық құқыққа бағынуға шақырды.

Әуежайда екі ұшақ соқтығысты
“Japan Airlines” ұшағы АҚШ-тағы Сиэтл-Такома әуежайында “Delta Airlines” ұшағының құйрығына соқты.