Хизбулла қозғалысы Израильдегі әскери түйінге шабуыл жасады

Қақтығыстарда 100 Хизбулла мүшесі мен 6 израильдік сарбаз қаза тапты.

2075747
Хизбулла қозғалысы Израильдегі әскери түйінге шабуыл жасады

Хизбулла қозғалысы Ливанның оңтүстігінен Израильдегі әскери түйінге шабуыл жасағанын жариялады.

Хизбулла шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Израильдің Әл Маликийе әскери түйініне шабуыл жасалғаны атап көрсетілді.

Ливанның «NNA» ресми агенттігіндегі хабарға қарағанда Израиль қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары Бейт Лиф пен Рамия қалалары арасындағы аймақты бомбалады.

Израиль армиясы мен Хизбулла арасында 8 қазаннан бері болған  қақтығыстарда 100 Хизбулла мүшесі мен 6 израильдік сарбаз қаза тапты.

Қақтығыс салдарынан Ливанда 24, Израильде 5 бейбіт тұрғын қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар