Израиль шабуылдарын тоқтатпайды

Бас штаб басшысы Хамас қолбасшыларын нысанаға алғандарын айтты.

2072214
Израиль шабуылдарын тоқтатпайды

Израиль армиясы Газа секторын құрлықтан басып алуын жалғастыратынын мәлімдеді.

Израиль армиясының баспасөз мәлімдемешісі Даниэль Хагари «Израиль армиясы Хамастың барлық бекінісіне қарай жылжиды» деді.

Израильдің қалада «құрлық күштеріне қолдау көрсету мақсатымен әуеден шабуылын жалғастырғанын» білдірген Хагари Газада әлі 137 тұтқын бар екенін айтты. Ол «тұтқындардың әрдайым естерінде екенін,  осыған байланысты барлау деректерін қолданғандарын, тұтқындардың өмірлеріне қауіп төндірмеу үшін барлауға жүгінгендерін» айтты.

Израиль армиясы Хан Юнис қаласының шығысын бомбалады. Ондаған отбасы бомбалардың астында аман қалуға тырысып жатыр.

Израильдің Бас штаб басшысы Герци Халеви де Газаның солтүстігінде секілді оңтүстікте де соғысып жатқандарын, Хамас қолбасшыларын нысанаға алғандарын білдірді.  Ол Хамастың екі бригадасын «толықтай болмаса да ыдыратқандарын» айтты.



Ұқсас жаңалықтар