Анкарада Палестинаға қолдау көрсету шеруі ұйымдастырылды
Анкара Палестина Ынтымақтастық платформасы мүшелері Палестинаға қолдау көрсету шеруін ұйымдастырды.

Анкара Палестина Ынтымақтастық платформасы мүшелері 20 қараша Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күні мерекесіне орай ел астанасы Анкарадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Түркия кеңсесі алдында Палестинаға қолдау көрсету шеруін ұйымдастырды.
“MAZLUMDER” қоғамының төрағасы Эсра Дуру Палестина туымен Израиль мен Америка Құрама Штаттарына қарсы баннерлер ашқан топ атынан баспасөз мәлімдемесін жасады.
Дуру 1989 жылы 20 қарашада қабылданған «Бала құқықтары туралы конвенцияның» әлем балалары үшін маңызды бетбұрыс түйіні болғанын және балалардың салауатты өмір сүру үшін негізгі құқықтарының келісіммен жарияланғанын білдірді.
Дуру бүгінгі күні Бала құқықтары туралы конвенцияны еске алып жатқан кезде әлемнің түкпір-түкпіріндегі балалар экрандарға қарап, Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қайда екенін сұрағанын айтты.
ЮНИСЕФ-ке үн қатқан Дуру: «Бала құқықтары туралы конвенциямен құқықтарына кепілдік берген балалардың арасында 10 минут сайын өлтірілетін Газадан келген балалар жоқ па? Газада өмірін қиған, отбасыларынан, үйлерінен және жатақханаларынан айрылған балалардың құқығын кім қорғайды? ЮНИСЕФ қайда?» деп көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар

«Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары бас қосуда
«Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары Жапонияның үй иелігінде бас қосуда.