7,6 миллионнан астам бала аштықта туады
Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған жаңа есеп жарияланды.

Биыл 17,6 миллионнан астам бала аштықта туады деп хабарланды.
Ұлыбританияда орналасқан үкіметтік емес ұйым «Save The Children» және Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған жаңа есебі жарияланды.
Есепке сәйкес биыл 17,6 миллионнан астам бала аштықта туылады, бұл 10 жыл бұрынғымен салыстырғанда 22 пайызға көп.
Есепте экономикалық тұрақсыздық, қақтығыстар және қайталанатын климаттық өзгерістердің әлемнің әр түкпіріне әсер ететін жойқын аштық дағдарысын арттырғаны және биылғы жылы әлемде дұрыс тамақтанбаған аналардың 95 пайызының Африка мен Азияда болатыны атап өтілді.
Екінші жағынан бұл деректер қоршауға алынған Палестина жерлерінде артып отырған зорлық-зомбылықтың аймақтағы аштық пен туу көрсеткіштеріне әсерін қамтымайды.
КДР-нда 1,5 миллионға жуық сәби аштықта дүниеге келеді
Есепте сонымен бірге тұрғын санының кемінде 25 пайызы аштықпен арпалысқан Конгоның биыл жеткіліксіз тамақтану ортасында дүниеге келген сәби санында «көрсеткіші ең жоғары ел» болатыны айтылды.
Осы елде шамамен 1,5 миллион нәресте аштықта дүниеге келеді. Бұл FAO деректері тіркелген 2001 жылдан бері «ең жоғары көрсеткіш» болатыны атап айтылды. Сонымен бірге биіл Конгодағы бес жастан кіші шамамен 6,6 миллион бала жеткілікті түрде тамақтана алмайды.
Ұқсас жаңалықтар

«Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары бас қосуда
«Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары Жапонияның үй иелігінде бас қосуда.