Сәбилерді эвакуациялау үшін келіссөз жүріп жатыр

Бұл туралы ДДСҰ дәрігері мәлімдеді.

2065669
Сәбилерді эвакуациялау үшін келіссөз жүріп жатыр

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Израиль қоршауындағы Шифа ауруханасында жатқан сәбилерді эвакуациялауды жеңілдету үшін Мысыр билігімен жұмыс істеп жатқаны және Израиль қорғаныс күштерімен келіссөздердің жалғасып жатқаны хабарланды.

«ABC News» хабарлауынша ДДСҰ дәрігері Ричард Бреннан жанармайдың жоқтығы мен қауіпсіздік жағдайы эвакуацияны қиындатқанын айтты. Бреннан ДДСҰ-ның Газаның солтүстігіндегі ауруханалармен бірнеше күннен бері байланыса алмағанын айтып, «Бұл мүлдем үмітсіз жағдай» деді.

Ұйымның Мысыр билігімен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) арқылы Израиль қорғаныс күштерімен эвакуациялар үшін «қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіпсіз өтуді» қамдау  үшін келіссөздер жүргізгенін атап көрсеткен Бреннан жанармай жетіспеушілігінің де эвакуация үшін проблема тудыратынын білдірді.

Бреннан жаңа туған нәрестелерді, шала туған нәрестелерді және реанимация науқастарын эвакуациялау үшін Шифа конвой қалыптастыруға тырысып жатқандарын, бірақ бұл көп жоспарлауды қажет ететінін айтты. «Палестиналық Қызыл Жарты Айдың жедел жәрдем көліктерінің көпшілігі қазір жұмыс істемейді, сондықтан біз Мысырдан жедел жәрдем әкеліп,  Шифа ауруханасына жеткізуді ойластырып жатырмыз» деді ол.

Бреннан 24 сағат ішінде жағдайдың нақтылана түсетінін білдірді.

 Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы алған соңғы ақпаратқа сәйкес, Шифа ауруханасында шамамен 600 науқас, 280 қызметкер және 2500 қоныс аударған адам бар, олардың 36-сы жаңа туған нәресте, 27-сі реанимация пациенті.



Ұқсас жаңалықтар