Хизбулла Израильдің әскери базасына шабуылдады
Израиль-Ливан шекарасындағы қақтығыстарға байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.
Хизбулла қозғалысы Ливанның оңтүстігіндегі шекаралық аймақта орналасқан Израиль әскери базасына шабуыл жасады.
Хизбулла Израиль-Ливан шекарасындағы қақтығыстарға байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде Израильдің «Мерк» әскери базасына шабуыл жасалғаны және нысаналардың толық дәлдікпен атылғаны білдірілді.
Екінші жағынан Ливан ақпарат агенттігі «NNA»-да орын алған хабарда Израиль күштерінің Ливанның шекаралық аймағындағы Айта аш-Шааб және Одейса аудандары айналасын артиллериялық оқпен шабуылдағаны атап көрсетілді.
8 қазан күнінен бері Израиль армиясы мен Хизбулла арасындағы қақтығыстарда 74 Хизбулла мүшесі мен 4 израильдік сарбаз қаза тапты.
Ұқсас жаңалықтар
«SpaceX»-тің зымыран ұшыру сынағы сәтсіз аяқталды
Илон Маск өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында оқиғаның видеосын жариялады.