Әбу-Силмийе "Шифа" аурухаасында 20 адамның қаза тапқанын мәлімдеді
«Шифа» ауруханасы директоры Мұхаммед Әбу-Силмийе мәлімдеме жасады.
Басқыншылық астындағы Газа секторында Израиль армиясының «Шифа» ауруханасының реанимация және перзентхана бөлімшелерін нысанаға алуы нәтижесінде 20 адам қаза тапты.
Жанармай дағдарысына душар болған Газа секторындағы «Шифа» ауруханасында электр қуатының үзілуі және қызметтердің тоқтап қалуы салдарынан 6-сы мерзімінен бұрын туылған нәресте, барлығы 20 адам қаза тапты.
«Шифа» ауруханасы директоры Мұхаммед Әбу-Силмийе кеше реанимация және басқа да бөлімшелерден 7 науқастың медициналық құралдардың жетіспеушілігі мен электр қуатының үзілуіне байланысты қайтыс болғаны атап көрсетілді.
Мерзімінен бұрын туылған 6 нәресте мен реанимацияда жатқан 9 жаралы және науқастың құрал-жабдықтардағы электр қуатының ажырауына байланысты қайтыс болғанын атап көрсеткен Әбу-Силмийе үш күн бұрын Израиль армиясы тарапынан қоршауға алынған ауруханада қазірге дейін қайтыс болған адам санының 20-ға жеткені атап көрсетілді.
Израильдің жанар-жағармайдың кіруіне рұқсат бермеуі нәтижесінде бұл өлімдердің орын алғанына назар аударған Әбу-Силмийе ауруханада өміріне қауіп төнген тағы 33 мерзімінен бұрын дүниеге келген нәрестенің бар екенін жеткізді.
7 қазан күнінен бері Израиль шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 11 мың 180-ге көбейді.
Шекарасыз дәрігерлер ұйымы «Шифа» ауруханасындағы қызметкерлерінен ешбір хабар алмағандарын жариялады.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі де Газа секторындағы «Шифа» ауруханасының бомбаланғанын, емделмеген кейбір науқастардың өлімге қалдырылғанын хабарлады.
Министрлік қазірден бастап Газаның солтүстігіндегі барлық ауруханалардың жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.
Израиль-Ливан шекарасында да шиеленіс артты. Израиль «Хизбуллах» қозғалысына тиесілі кейбір нысандарды жойғанын жариялады. Израиль армиясы мен «Хизбуллах» арасында 8 қазан күнінен бері жалғасқан қақтығыстарда 73 «Хизбуллах» мүшесі мен 4 Израиль әскері қаза тапты.
Ұқсас жаңалықтар
Гаитиліктер елдеріне қайтарылады
Апта сайын 10 мыңға жуық Гаити азаматының кері қайтарылатыны жарияланды.
Газада аштық қайта күшейіп жатыр
Тамыз айында 1 миллион, қыркүйекте 1,4 миллион газалық азық-түлік көмегін ала алмаған.