Сауд Арабиясы Қорғаныс министрі АҚШ-та

АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагоннан жазбаша мәлімдеме жасады.

2059437
Сауд Арабиясы Қорғаныс министрі АҚШ-та

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин мен Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі Халид ибн-Салманның кездесуінде екі ел арасындағы қорғаныс және, ынтымақтастықты дамыту тақырыптарының талқыланғаны білдірілді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагоннан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Остин мен ибн-Салман АҚШ-тың бас қаласы Вашингтонда кездесті.

Кездесу барысында Остин АҚШ-тың Сауд Арабиясының қорғанысы туралы берілген уәделерге берік екені қайталанып, өзара қорғаныс саласы бойынша ынтымақтастықтың жалғасатынын баса айтты.

Сауд Арабиясына аймақтық рөлі үшін алғыс білдірген Остин аймақтағы қауіп-қатерлерге қатысты Сауд Арабиясымен бірге жұмысты жалғастыратындарын атап көрсетті.

АҚШ-тың Израильге қолдауы туралы да Сауд Арабиясының министріне ақпарат бөліскен Остин АҚШ-тың бейбіт тұрғындарды қорғауы және Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу тақырыбында табанды екендерін білдірді.

Екі министр аймақтағы шиеленістің одан әрі өршуіне жол бермеу үшін бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісті.



Ұқсас жаңалықтар