БҰҰ Бас хатшысы Гималаяға барды
Ол Гималаядағы мұздықтардың «рекорд деңгейде» ерігенін айтты.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш климат дағдарысының әсерінің бара-бара артқанын айтып, «Бұны тоқтатуымыз керек» деді.
Гутерриш Непал премьер-министрі Пушпа Камал Дахалдың шақыруына орай Непалдің Гималая аймағына барды. Ол Гималаядағы мұздықтардың «рекорд деңгейде» ерігенін айтып «Температураның көтерілуін 1,5 дәрежеде шектеуіміз керек. Мұздықтар еріп жатыр. Олар қайта келмейді. БҰҰ-ның климат жоспарына қарай жұмысты жалғастыруымыз керек» деді.
Гутерриш сел мен көшкіндердің аймаққа қатты әсер еткенін айтып, «Бұны тоқтатуымыз керек» деді.
БҰҰ Бас хатшысы Непал премьер-министрімен ортақ баспасөз мәслихатында да Непал мен климат проблемаларынан зардап шегіп отырған елдерге қолдау берілуі керектігін атап көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Иран өз азаматтарына Сирияға баруға кеңес бермейтіндерін айтты
Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Исмаил Бекаи мәлімдеді.
Трамп инаугурацияға жиналған мыңдаған жақтасымен кездесті
Трамп Джон Кеннедидің өліміне қатысты құпия құжаттарды жариялайтынын мәлімдеді.