«Отис» дауылы салдарынан Мексикада 27 адам қаза тапты

Дауыл салдарынан мыңдаған үй бүлініп, жарықсыз қалды.

2056709
«Отис» дауылы салдарынан Мексикада 27 адам қаза тапты

Мексика Қауіпсіздік министрі Роза Исела Родригес 5-ші категорияға көтерілген «Отис» дауылы салдарының «жойқын болуы мүмкін» екенін ескерте отырып, алдынғы мағлұматтарға қарағанда 27 адамның қаза тауып, 4 адамның із-түзсіз жоғалғанын жариялады.

Дауыл салдарынан мыңдаған үй бүлініп, жарықсыз қалды.

«Отис» дауылы елдің оңтүстігіндегі жағалаудағы Акапулько қаласына жетіп, жаңбыр оның әсерін күшейтті.

Герреро штаты дауылдың жойқын әсерлеріне қарсы 396 уақытша баспана құру жұмыстарын бастағандарын хабарлады.

Іздеу-құтқару шаралары аясында аймаққа Мексика армиясы мен флотынан 8 мыңнан астам сарбаз жіберіліп, порттар уақытша жабылды.



Ұқсас жаңалықтар