Ливан шекарасынан 6 журналист құтқарылды

Израиль үздіксіз шабуылдаған Ливан шекарасынан 6 журналист пен 3 бейбіт тұрғынның құтқарылғаны хабарланды.

2053624
Ливан шекарасынан 6 журналист құтқарылды

Израиль-Ливан шекарасының Ливан жерінде Израиль армиясының шабуылы салдарынан аймақта  амалсыз қалған 6 журналист, барлығы 9 адамның құтқарылғаны білдірілді.

Ливан ресми ақпарат агенттігі «NNA» Ливанның оңтүстігінде Израиль шекарасында қалып қойған 6 журналист пен 3 бейбіт тұрғын туралы ақпарат жариялады.

Хабарда Ливанның Небатийе аймағының Меркаюн ауданына қарасты Әл-Хула ауылында 6 журналист пен 3 бейбіт тұрғын болған аймаққа Израильдің үздіксіз оқ жаудырғаны атап көрсетілді.

Израильдің атысы салдарынан аймақтан шығып құтыла алмаған 6 журналист Ливан армиясы тарапынан құтқарылғаны айтылған хабарда 3 бейбіт тұрғынның жағдайы туралы мәлімет берілмеді.

Журналистер мен бейбіт тұрғындар қалып кеткен аймақтың Ливанға жуық Израильдің «Әл-Абад» әскери базасына жақын жер екені білдірілді.

Екінші жағынан Израиль Қорғаныс министрлігі Ливан шекарасындағы Кирят Шмона қаласы тұрғындарының да эвакуацияланатынын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар