Нигерияда тырысқақ асқынды
Нигерияда биыл тырысқақ індетінен көз жұмғандар саны 94-ке жетті.

Батыс Африка елдерінің бірі Нигерияда биыл тырысқақ індетінен көз жұмғандар саны 94-ке жетті.
Нигерияның Ауруларды бақылау орталығы (NCDC) жасаған мәлімдемеде елдің 23 штатында соңғы айда 201 тырысқақ оқиғасы тіркелгені айтылды.
Мәлімдемеде қаңтар айынан бері елде 2 мың 860 тырысқақ ауруы байқалып, індет салдарынан көз жұмғандар санының 94-ке жеткені атап өтілді.
«Vibrio» бактериялары тудыратын және тамақ пен су арқылы таралатын тырысқақ диареяны тудырады және денеде су қалмайды. Ауру емделмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Нигерияда таза судың жетіспеушілігінен басқа, тиімді медициналық көмектің болмауы ауру мен өлім қаупін арттырады. Елде безгек, полиомиелит, іш сүзегі және маймыл шешегі сияқты эпидемиялық аурулар да жиі кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар

Нигерияда әуе операциясы
Нигер уәлаятына жасалған әуе операциясында 18 банда мүшесі залалсыздандырылды.

Путин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті
Путин Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті.