Гватемаладағы су тасқынынан 6 адам көз жұмды

Орталық Америка мемлекеті Гватемалада толассыз жаңбыр су тасқынына себеп болды.

2042154
Гватемаладағы су тасқынынан 6 адам көз жұмды

Гватемала астанасында нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан 6 адам қаза тауып, 13 адам із-түзсіз жоғалды.

Орталық Америка мемлекеті Гватемалада толассыз жаңбыр су тасқынына себеп болды. Толассыз жауын салдарынан ел астанасы Гватемаладағы Лас-Вакас өзенінде тасқын болып, 6 үй су астында қалды.

Лауазым иелері су тасқынынан 6 адамның қаза тауып, 13 адамның хабарсыз кеткенін хабарлады.

Өрт сөндіру басқармасының қызметкері Серхио Кабанас «Қазір 6 мәйітті таптық, тағы да табатын шығармыз. Мәйіттердің арасында бір қыз бен 5 ересек адам бар» деді.

Аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар