Ұшқары еврейлер әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады
Ұшқары еврейлер «Йом Киппур мерекесі» сылтауымен әл-Ақсаға шабуылдарын жалғастыруда.
2041818

Израиль полициясының қорғауындағы ондаған ұшқары еврей басып алынған Шығыс Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады.
Ұшқары еврейлер «Йом Киппур мерекесі» сылтауымен әл-Ақсаға шабуылдарын жалғастыруда.
Куәгерлерден алынған мәліметтерге қарағанда ондаған ұшқары еврей таңғы сағаттан бастап Израиль полициясының қорғауымен Месжид әл-Ақсаға топ-топ болып басып кірді.
Израиль полициясы ұшқары еврейлер басып кірген кезде әл-Ақса мешітінің ауласында бір палестиналықты ұстады.
Ұшқары еврей топтары «Йом Киппур мерекесіне» орай әл-Ақса мешітіне қысымдарды күшейтуге шақырды.
Еврей қоныстанушылар діни мерекелер кезінде әл-Ақса мешітіне шабуылдарын күшейтеді.
Кеше 317 ұшқары еврей Израиль полициясының қорғауымен топ-тобымен Ақса мешітіне шабуыл жасады.