Ливияға 59 көмек ұшағы жетті

Ливияның шығысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 24 елден барлығы 59 көмек ұшағының жеткені хабарланды.

2040558
Ливияға 59 көмек ұшағы жетті

Ливияның шығысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек үшін осы уақытқа дейін 24 елден барлығы 59 көмек ұшағының жеткені хабарланды.

Ливия Ұлттық Бірлік Үкіметіне қарасты «Біздің Үкімет» атты Facebook парақшасында жарияланған баспасөз хабарламасында елге 24 елден көмек келгені, елге барлығы 59 ұшақ пен 6 гуманитарлық көмек кемесінің жеткені атап өтілді.

Мәлімдемеде «Ең соң Түрік Қызыл жарты ай ұйымы 150 тоннадан астам түрлі көмек материалдарын жеткізді. Сауд Арабиясынан 90 тонна азық-түлік және баспана материалдарын тасымалдаған 5-ші ұшақ, Кувейттен 10 тонна азық-түлік пен шұғыл көмек тасымалдаған 7-ші ұшақ елге жеткізілді» делінді.

Ливияға көмек тасымалдайтын басқа елдерге қатысты ақпарат берілмеді.

Орталық Жерорта теңізінде әсер еткен «Даниэль» дауылы 10 қыркүйекте Ливияның шығысындағы Бенгази, Бейда, Мерк, Сусе және Дерна қалаларында су тасқынына себеп болған еді.



Ұқсас жаңалықтар