Канадада жоғалған балалар

Үш интернат пен ауруханада кем дегенде 158 баланың қайтыс болғаны анықталды.

2041021
Канадада жоғалған балалар

Канаданың Британдық Колумбия провинциясында белгісіз бейіттер мен із-түзсіз жоғалған балаларға қатысты тергеу жүргізіліп, үш интернат пен ауруханада кем дегенде 158 баланың қайтыс болғаны анықталды.

Канададағы бұрынғы шіркеу интернаттары орналасқан аймақтарда зерттеу жүргізетін «The Indigenous Sto:lo First Nation» қауымдастығы бұрынғы үш интернатта және бір жергілікті ауруханада жүргізілген мұрағатты сканерлеуге қатысты баспасөз мәлімдемесін жасады.

Зерттеушілер 158 баланың аурудан, жазатайым оқиғалардан және белгісіз себептерден қайтыс болғанын анықтаса, белгісіз бейіттерді де тапты.

Құжаттар көптеген баланың жыныстық, физикалық және эмоционалдық зорлық-зомбылыққа ұшырап, жәбірленгенін, ал кейбір балалардың ата-аналарына хабар берместен белгісіз бейіттерге жерленгенін көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар