14 мың ауғанға уақытша қорғау мәртебесі беріледі
АҚШ-та уақытша қорғауда тұрған 3100 ауған азаматының мәртебесі 18 айға ұзартылады.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) елде тұратын тағы 14 600 ауғанға уақытша қорғау мәртебесі берілетінін хабарлады.
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі кеше ауған иммигранттарына қатысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемеге сәйкес, елге 2022 жылдың 15 наурызы мен 2023 жылдың 20 қыркүйегі аралығында келген ауған иммигранттарға уақытша қорғау мәртебесі беріледі. Осы тұрғыда тағы 14 мың 600 ауғандық бұл мәртебеден пайдалана алады.
Сонымен қатар қазір АҚШ-та уақытша қорғауда тұрған 3100 ауған азаматының мәртебесі 18 айға ұзартылады.
Ұлттық қауіпсіздік хатшысы Алехандро Майоркас «Министрлік осы уақытша гуманитарлық көмек арқылы Ауғанстан азаматтарына қолдау көрсетуді жалғастырады» деді.
Министрлік кеше тағы 472 мың венесуэлалыққа уақытша қорғау мәртебесі берілетінін хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар

13 палестиналықты қамауға алды
Палестина тұтқындар қоғамы Израиль күштерінің түнде рейд жүргізгенін білдірді.
Энергияда белгілі елдерге тәуелді болмау керектігін айтты
Столтенберг Дубай қаласында араптар конференциясы (COP28) аясында өткен панельде сөз сөйледі.