Путин Пашинянмен сөйлесті

Путиннің Пашинянмен телефон арқылы әңгімесінде Қарабах төңірегіндегі соңғы оқиғалар талқыланды.

2040406
Путин Пашинянмен сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен Қарабах мәселесін талқылады.

Ресей президенттік аппаратынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Путиннің Пашинянмен телефон арқылы әңгімесінде Қарабах төңірегіндегі соңғы оқиғалар талқыланды.

(Әзербайжан мен Армения арасындағы) қақтығыстың қиын кезеңін  еңсеруге болатынын айтқан Путин ресейлік бітімгершілік күштерінің белсенді қатысуымен қол жеткізілген келісімге және келіссөздердің 21 қыркүйекте өтетініне риза екенін білдірді.

Келіссөздердің Ресей бітімгершілік қолбасшылығының арағайындығымен өтетініне назар аударған Путин қиын жағдайларға қарамастан Ресей бітімгершілік күштерінің өздеріне жүктелген міндеттерін орындап, бейбіт тұрғындарға, соның ішінде әскери дәрігерлерге көмек көрсетуді жалғастырғанын атап өтті.

Әңгіме барысында шиеленіс азайып, алдағы уақытта жағдай тұрақталады деген үміт тілге тиек етілді.



Ұқсас жаңалықтар