Украина Кенияда астық орталығын ашады

Кения президенті Украинаның Момбаса портында астық орталығын ашатынын мәлімдеді.

2039927
Украина Кенияда астық орталығын ашады

Кения президенті Уильям Руто Украинаның Африканың шығысындағы азық-түлік мәселесін шешу үшін Момбаса портында астық орталығын ашатынын мәлімдеді.

Украина президенті Владимир Зеленский мен Руто Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында кездесті.

«X» әлеуметтік медиа платформасындағы мәлімдемесінде Руто Зеленскийдің Африканың шығысындағы шұғыл азық-түлік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Момбаса портында астық орталығын құруға уәде бергенін айтты. Руто сонымен қатар қайғы-қасіретті жеңілдету және жойылуды тоқтату үшін елінің Ресей-Украина соғысын бейбіт жолмен шешуді қолдайтынын білдірді.

Африканың 25 елі жыл сайын бидай импортының үштен бірінен астамын Ресей мен Украинадан импорттайды.

Ресей-Украина соғысы басталғалы (2022 жылдың ақпаны) азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты қиын кезеңді бастан өткерген Африка елдері екі ел арасында бейбітшілік орнату бастамасын көтерді.



Ұқсас жаңалықтар