Қытайда құйын болды
5 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды.
2040052

Қытайдың Цзянсу провинциясында болған құйыннан 5 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды.
Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясының Суцянь қаласында құйын болды.
Дасин және Нанкай аудандарында қатты болған құйын салдарынан көліктер ұшып, электр бағаналары аударылды. Құйын салдарынан болған апаттардан 5 адамның қаза тауып, 4 адамның жараланып, ауруханаға жатқызылғаны жарияланды.
Алдын ала мәлімет бойынша, құйыннан 5512 адам зардап шекті, 1646 үй зақымдалды, 405 адам қауіпсіз аймақтарға көшірілді.
Суцянь қаласындағы 41,8 гектар егістік те зардап шекті.