Газа шекарасында 5 палестиналық жарақат алды
Шерулерге Израиль әскерлерінің араласуы кезінде 5 палестиналық жарақат алды.
2038639

Жаулау астындағы Газа шекарасында әл-Ақса мешітіне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шерулерге Израиль әскерлерінің килігуі салдарынан 5 адам жарақат алды.
Жүздеген палестиналық ұшқары еврей қоныстанушылардың басып алынған Шығыс Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіне шабуыл жасауына және кейбір палестиналықтарды ауданнан күштеп көшірілуіне наразылық көрсету, сондай-ақ әл-Ақса мешітіне қолдау білдіру үшін жиналды.
Израиль күштері ереуілшілерге пластикалық оқ жаудырды және көз жасаурататын газ шашты. Ереуілшілер де көлік дөңгелектерін өртеп, тас тақтырды.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда шығыс аймақтардағы шерулерге Израиль әскерлерінің араласуы кезінде 5 палестиналық жарақат алды.