"Астық тақырыбында табандымын" деді

Ол осы шеңберде келіссөз жүріп жатқанын білдірді.

2037221
"Астық тақырыбында табандымын" деді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қаратеңіз астық бастамасын жандандыру тақырыбында табанды екенін айтты.  Ол осы шеңберде келіссөз жүріп жатқанын білдірді.

Гутерриш Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында БҰҰ ғимаратында мәлімдеме жариялады.

Ол келесі апта болатын БҰҰ Бас Ассамблеясында президент Режеп Тайып Ердоған, Украина президенті Владимир Зеленский және Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесетінін білдірді.  БҰҰ Бас хатшысы «Қаратеңіз астық дәлізіне байланысты үмітім бар. Осы дәлізді жандандыру тақырыбында табандымын» деді.

БҰҰ Бас хатшысы Ресейге бағытталған санкцияларды бұзбастан орыс азық-түлік және тыңайтқыштары мен Украина астығын қайта экспорттау үшін барлық ынтасын салатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар