Работино ауылы азат етілді

Украина Работино ауылының ресейлік күштерден азат етілгенін хабарлады.

2029867
Работино ауылы азат етілді

Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр оңтүстік майдандағы Работино ауылын ресейлік күштерден азат еткендерін хабарлады.

Малярдың майдандағы жағдайға байланысты мәлімдемесі Украина Қорғаныс министрлігі Әскери баспасөз орталығының әлеуметтік желідегі аккаунтынан жарияланды.

Маляр Украина армиясының оңтүстік майданда табысқа қол жеткізгенін атап, «Работино құтқарылып, біздің әскерлер елді мекеннен оңтүстік-шығысқа қарай жылжуда» делінді.

Украина армиясының шығыс майдандағы Бахмут бағытында ілгерілеуін жалғастырып жатқанын атап көрсеткен Маляр «Өткен аптада онда тағы 1 шаршы шақырым аумақ құтқарылған болатын» деді.

Маляр Бахмут бағытында осы уақытқа дейін жалпы 44 шаршы шақырым аумақтың азат етілгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар