Нигерде француздарға наразы халық елшілік алдында жиналды

Шерушілер француздардың елден кетуін талап етуде.

2029857
Нигерде француздарға наразы халық елшілік алдында жиналды

Нигерде француз сарбаздарының елден кетуін талап еткендер таңның алғашқы жарығынан бастап бас қала Ниамейдегі француз әскери базасының айналасында күтіп отыр.

Жергілікті ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, демонстранттар Францияның Нигердегі елшісі Сливайн Итте «Ниамей 101» деп аталатын француз әскери базасында «тығылып жатыр» деген уәждерімен сағат 05.30-дан бері базаның айналасында күтуде.

Нигер жалауына қоса Ресей, Солтүстік Корея және Қытай жалауларын желбіреткен топ «Қарғыс атқыр Франция!» және «Біз француз сарбаздарын қаламаймыз!» деген плакаттар ұстады.

Нигер Сыртқы істер министрлігі елші Иттеге 25 тамыз күніне дейін елден кетуге 48 сағаттық уақыт берген болатын.

Франция болса «Төңкерісшілдердің Франция елшісінің кетуін талап ете алатын билік емес екенін» мәлімдеген болатын.

Елші Иттеге берілген уақыт жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-де аяқталса да, Франция елшілігі алдында қабылданған қауіпсіздік шаралары назар аударды.

Әскери әкімшілік Итте елден кетпеген жағдайда Франция елшілігі және француз әскери базасына электр қуаты, су, азық-түлік және отын беруді тоқтататынын мәлімдеді.

Францияның Нигерде шамамен 1500 жауынгері және Диори Хамани халықаралық әуежайының жанында әскери базасы бар.

26 шілде күні Нигерде билікке келген әскери әкімшілік Франциямен қол қойылған бес әскери ынтымақтастық келісімінің күшін жойылғанын хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар